ҚҰДАЙ НЕГЕ БІЗГЕ АЗАП ШЕГУГЕ ЖОЛ БЕРЕДІ? БӨЛІМ В

«Тарих қойнауындағы оқиға» радио драмасына қош келдіңіздер. Соңғы төрт хабарда біз төрт сұрақты қарастырдық, олардың әрқайсысына күрделі я қарапайым жауаптарды беру мүмкін емес еді. Өткен хабарда біз қайғы- қасірет мәселесін көтердік: неге кейбір адамдар қорқынышты, адам төзгісіз азаптан басқа ештеңені бастан кешірмейді, ал басқалары болса жеңілдік пен жұбаныш сезінеді? Күн нұры төгіліп, жаңбыр барлығына бірдей жауатын әлемде әділдік қайда? Құдай бар болса және Ол біздің жағдайымызды білсе, неге мұндай әділетсіздікке жол береді?