ҚҰДАЙ НЕГЕ БІЗГЕ АЗАП ШЕГУГЕ ЖОЛ БЕРЕДІ?

«Тарих қойнауындағы оқиға» радио драмасына қош келдіңіздер. Өмірі азапқа толы, үнемі ауыр сынақтардан өтетін, бұл адамның қалай өмір сүретініне таң қалатын танысыңыз бар ма? Мүмкін ол қате айыпталған шығар; бәлкім, оның иелігіндегінің бәрі одан тартып алынған шығар; бәлкім, бұл дерттен жазылар үміті жоқ мүшкіл ауру адам шығар; мүмкін, бұл адамның басында жоғарыда айтылғандардың бәрі бар шығар, тіпті бұл сипатталған жағдайлар сіздің басыңыздан өтіп жатқан болар. Күнделікті өмір сүрудің осындай негізгі сұрақтарымен бетпе-бет келетін көптеген адамдар үшін Құдай және Оның біздің өмірімізге арналған керемет жоспары туралы әңгімелер қияли болып көрінеді; олардың өмірлік тәжірибесі бойынша егер Ол шынымен де осында болса, онда Құдай олардың жағдайын білмейтінін немесе оларға мән бермейтінін үйрететін сияқты. Олар қоятын дұрыс сұрақ: Егер Құдай бар болса және ол бізді шынымен ойласа, неге Ол сонша азапқа жол береді?