ҚҰДАЙ МЕНІҢ КІМ ЕКЕНІМДІ БІЛЕ МЕ?

«Тарих қойнауындағы оқиға» радио драмасына қош келдіңіздер. Егер сіз біздің қатарымыздан болсаңыз, онда сіз бұл әлемнің қиын жағдайда өмір сүретін ерлер мен әйелдерге толы екенін байқаған боларсыз. Олар тірі қалудың жолын іздеп, өз отбасыларын тамақ пен баспанамен қамтамасыз ету үшін күнделікті күресуде. Олар «бүгін кешке не жесек болады екен?» деген сұрақты қоймайды. Олар «бүгін жеуге бір үзім нан бола ма?» деп алаңдайды.