ҚҰДАЙ МАҒАН ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЙДЫ МА?

«Тарих қойнауындағы оқиға» радио драмасына қош келдіңіздер. Егер сіз сарайда тұратын, жүрегіңіз қалағанның бәрі бар және сізді барлық жағымсыз нәрселерден қорғайтын қызметшілермен қоршалған санаулылардың бірі болмасаңыз, онда сіз әлемде қиын жағдайда өмір сүретін ерлер мен әйелдерге толы екенін байқаған боларсыз. Олар тірі қалудың жолын іздеп, өз отбасыларын тамақ пен баспанамен қамтамасыз ету үшін күнделікті күресуде. Олар «бүгін кешке не жесек болады екен?» деген сұрақты қоймайды. Олар «бүгін жеуге бір үзім нан бола ма?» деп алаңдайды.