ҚҰДАЙ БАР МА?
-
John 1:43-51
Close
ҚҰДАЙ МАҒАН ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЙДЫ МА?
«Тарих қойнауындағы оқиға» радио драмасына қош келдіңіздер. Егер сіз сарайда тұратын, жүрегіңіз қалағанның бәрі бар және сізді барлық жағымсыз нәрселерден қорғайтын қызметшілермен қоршалған санаулылардың бірі болмасаңыз, онда сіз әлемде қиын жағдайда өмір сүретін ерлер мен әйелдерге толы екенін байқаған боларсыз. Олар тірі қалудың жолын іздеп, өз отбасыларын тамақ пен баспанамен қамтамасыз ету үшін күнделікті күресуде. Олар «бүгін кешке не жесек болады екен?» деген сұрақты қоймайды. Олар «бүгін жеуге бір үзім нан бола ма?» деп алаңдайды.
ҚҰДАЙ МЕНІҢ КІМ ЕКЕНІМДІ БІЛЕ МЕ?
«Тарих қойнауындағы оқиға» радио драмасына қош келдіңіздер. Егер сіз біздің қатарымыздан болсаңыз, онда сіз бұл әлемнің қиын жағдайда өмір сүретін ерлер мен әйелдерге толы екенін байқаған боларсыз. Олар тірі қалудың жолын іздеп, өз отбасыларын тамақ пен баспанамен қамтамасыз ету үшін күнделікті күресуде. Олар «бүгін кешке не жесек болады екен?» деген сұрақты қоймайды. Олар «бүгін жеуге бір үзім нан бола ма?» деп алаңдайды.
ҚҰДАЙ НЕГЕ БІЗГЕ АЗАП ШЕГУГЕ ЖОЛ БЕРЕДІ?
«Тарих қойнауындағы оқиға» радио драмасына қош келдіңіздер. Өмірі азапқа толы, үнемі ауыр сынақтардан өтетін, бұл адамның қалай өмір сүретініне таң қалатын танысыңыз бар ма? Мүмкін ол қате айыпталған шығар; бәлкім, оның иелігіндегінің бәрі одан тартып алынған шығар; бәлкім, бұл дерттен жазылар үміті жоқ мүшкіл ауру адам шығар; мүмкін, бұл адамның басында жоғарыда айтылғандардың бәрі бар шығар, тіпті бұл сипатталған жағдайлар сіздің басыңыздан өтіп жатқан болар. Күнделікті өмір сүрудің осындай негізгі сұрақтарымен бетпе-бет келетін көптеген адамдар үшін Құдай және Оның біздің өмірімізге арналған керемет жоспары туралы әңгімелер қияли болып көрінеді; олардың өмірлік тәжірибесі бойынша егер Ол шынымен де осында болса, онда Құдай олардың жағдайын білмейтінін немесе оларға мән бермейтінін үйрететін сияқты. Олар қоятын дұрыс сұрақ: Егер Құдай бар болса және ол бізді шынымен ойласа, неге Ол сонша азапқа жол береді?
ҚҰДАЙ НЕГЕ БІЗГЕ АЗАП ШЕГУГЕ ЖОЛ БЕРЕДІ? БӨЛІМ В
«Тарих қойнауындағы оқиға» радио драмасына қош келдіңіздер. Соңғы төрт хабарда біз төрт сұрақты қарастырдық, олардың әрқайсысына күрделі я қарапайым жауаптарды беру мүмкін емес еді. Өткен хабарда біз қайғы- қасірет мәселесін көтердік: неге кейбір адамдар қорқынышты, адам төзгісіз азаптан басқа ештеңені бастан кешірмейді, ал басқалары болса жеңілдік пен жұбаныш сезінеді? Күн нұры төгіліп, жаңбыр барлығына бірдей жауатын әлемде әділдік қайда? Құдай бар болса және Ол біздің жағдайымызды білсе, неге мұндай әділетсіздікке жол береді?
НЕГЕ АДАМ ЖАСТАЙ ӨМІРДЕН ӨТЕДІ?
«Тарих қойнауындағы оқиға» радио драмасына қош келдіңіздер. Қайшылықтар мен әділетсіздікке толы әлемде сенімді бола алатын нәрселер аз, ал бәріміз бірдей бастан кешіретін нәрселер одан да аз. Кейбір адамдар байлық пен сән-салтанатта өмір сүрсе, басқалары кедейлік пен мұқтаждықта өмір сүруде. Кейбіреулер бақытты болуға және шүкіршілік етуге себеп табады, ал басқалары қасірет, қиыншылық пен үмітсіздіктен басқа ештеңені бастан кешірмейді. Ақырында бәріміз бір нәрсеге тап боламыз, өйткені бәріміз бір күні өліп, бұл дүниені тастап кетеміз. Бірақ өлімнің өзінде біз теңсіздікті көреміз: зұлым, өзімшіл адам кемелденген кәрілікте, айналасын жинаған қазынасымен қоршап өледі, ал тамаша, жанқияр жас әйел қорқынышты ауруға шалдығып өледі.
НЕГЕ ЗҰЛЫМДЫҚ ҮНЕМІ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕДІ?
«Тарих қойнауындағы оқиға» радио драмасына қош келдіңіздер. Біз бірқатар күрделі сұрақтарға байланысты түрлі оқиғаларды жан-жақты зерттеген болатынбыз; бүгін біз сол сұрақтардың ішіндегі ең күрделісін қарастырамыз. Бүгінгі хабарымызда адамзат тарихын анықтайтын бес әмбебап сөзді зерттейтін боламыз, олар: Соғыс. Зорлық-зомбылық. Қудалау. Өшпенділік. Қысым.